Хабар телеарнасы

Руслан Абдуалиев

Руслан Абдуалиев

Тілші

1987 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында дүниеге келдім. Мектепті бітірген соң, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіне оқуға түсіп, психолог мамандығын алып шықтым. Студент кезімде «Хабар», «Еларна», «Қазақстан» телеарналарының түрлі бағдарлама түсірілімдеріне көрермен ретінде қатысатынмын. Журналистикаға деген қызығушылығым сол уақытта ояна бастады. 

Журналистика саласына маман ретінде 2011 жылы келдім. «Қазақстан» РТРК Жамбыл облыстық филиалының «Жаңалықтар» бөлімінде, редактор-жүргізуші болып 2 жыл жұмыс атқардым. Кейін «Көкейкесті», «Рауан», «Өз өмірінің тәлімгері» авторлық бағдарламаларын жүргіздім. Хабарлар бөлімінің шеф-редакторы қызметін атқардым. 2013 жылдан бастап, Республикалық «24.kz» телеарнасының Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі болып жұмыс істеп келем. Мойындаймын, қызығы мен шыжығы көп «журналистикадан» шаршаған сәтте Шерхан Мұртазаның «Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын» деген сөзі күш береді.