Хабар телеарнасы

Ербол Әбішев

Ербол Әбішев

Тілші

Ерболға шығарма жазуға бала күнінен әуес еді. Бос уақыттарының барлығын кітап оқуға арнайтын. Ал мектеп бітіре сала ол журналистиканы таңдады. Аудандық газеттердің біріне жұмыс істеп жүріп, қосымша биология факультетінде білім алды. Дегенмен өмір өз дегенін істетпей қоймайды ғой, “басылымды аяқтан тік тұрғызу” міндеті мойнына жүктелген кезде ол бәрінен бас тартқан жоқ. Қайта сол кездегі қиыншылықтар оның кәсіби деңгейін одан сайын жоғарылатты. 

Ол облыстық телеарнаға келген сәтінде тәжірибелі журналист ретінде танылды. Сондықтан оған сюжеттер мен арнайы бағдарламалар жасау қиынға соққан жоқ. «Евразия», «7 канал» және Ресейлік телеарналар мен ақпарат агенттіктерінде де өз бағын сынап көрген жайы бар. Қазір Ербол ''24kz'' арнасының тілшісі. Ақпарат айдыны ол үшін тоқтаусыз ағып жатқан өзен. 

Мақсаты- ''егер есіктен ене алмасаң, терезе бар''