Хабар телеарнасы

Кино


Актерлар

Актерлар


Кәмшат Жолдыбаева – Қазақстан әншісі, актриса.
 
28 қаңтар 1988 жылы Маңғыстау өңірінің «Форт Шевченко» қаласында дүниеге келген. 9- сыныпты бітірген соң ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алған. Кейін өнер жолын қумақ ниетпен Алматы қаласына келіп, Қыздар педагогикалық университетінде «Ұйымдастырушы» мамандығын иеленген. 3-курста оқып жүргенде «КешЮ» тобының құрамына қабылданған. 
 
«Тракторшының махаббаты», «Ғашық жүрек 2», «Парыз» телехикаяларында басты       рольдерді ойнаған.
 
 
 

Дәстен Шәкіров – актер.
 
1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясының «Қаржы» факультетін тәмамдады. Фортепиано сыныбы бойынша музыкалық білімі бар. Бос уақытында жүзу және бокспен шұғылданады.
 
«Жаным», «Махабатым жүрегімде», «Бауыржан Момышұлы», «Парыз» телехикаялары  мен Жау жүрек мың бала», «Рэкетир 2» фильмдерінде басты рольдерді ойнады. 
 
 

Азат Сейтметов – театр және кино актері.
1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 
1988 жылы жолдамамен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды.
 
Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрында, сондай-ақ бірер жыл өзге салада жұмыс істеп, 2003 жылы қайта М.Әуезов театрына оралды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
 
 

Тағдыр тартысы

Тағдыр тартысы

Өмірде жақсылық та, жамандық та қатар жүреді. Ханталапай тағдыр сынағының нәтижесі әр адамның әрекетіне тәуелді.


Актерлар

Актерлар


Кенан Бал

Актер. 1950 жылы Анкара қаласында дүниеге келген. Қазақстандық көрермендерге «Пора тюльпанов», «Аси» «Особняк с виноградными лозами: Жизнь» (Asmali konak: Hayat ...) телехикаяларында ойнаған басты рольдері арқылы аса танымал.

 

Фикрет Кушкан

Актер. 1965 жылы 22 сәуірде Стамбул қаласында туған. Түркия еліне «Мой отец и мой сын», «Водопад» фильмдері мен «Свидетели» және «Запрет» телехикаялары арқылы танымал. 1991, 2002, 2006 жылдары Стамбул қаласында өткен халықаралық кинофестивальде «Ең үздік актер» атағын жеңіп алған.

 

 

Идил Фират

Актриса. 1972 жылы 5 қарашада Анкара қаласында өмірге келген. «Клуб неудачников» фильмі оған табыс пен танымалдылық сыйлады.

 

Озге Озберк

Актриса. 1976 жылы 13 тамызда Стамбул қаласында дүниеге келген. Ең алғашқы рөлін «Bizimkiler» (1989) телехикаясында сомдады. «Муджат» өнер орталығында актерлік шеберлік бойынша білім алған. «Разбитые крылья» (2005-2006) сериалындағы Назил рөлін ең сәтті образдардың бірі деп біледі.

 

Онур Сайлак

Актер және суретші. 1977 жылы 12 мамырда Анкара қаласында туған. «Аси» телехикаясы арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 2009 жылы Онур Сайлак «Үздік актер» атағына ие болды.


Актерлар

Актерлар

Бақыт Тұшаев – актер, тележүргізуші. 1983 жылы 25 шілдеде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңа шаруа ауылында дүниеге келген.

2006 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі. Сондай-ақ, Бақыт Тұшаев «Технодом» сауда үйінің жарнама роликтері арқылы танымал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Олжас Абай – әнші, актер. Көпшілікке «Астана» арнасындағы «Әулет» телехикаясы арқылы актерлік қабілетімен де танылды. «Бәсеке» телехикаясында басты рольдегі Мақсат есімді табысты кәсіпкердің образын сомдайды.