23:10Эфирде: Мегахит. "Техасский рейнджер"
06:00Әрі қарай:
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

"24 KZ"

«Хабар 24»

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тәулік бойғы «24 KZ» арнасы «Хабар 24» деген жаңа атаумен шықты. Құрылғанынан бастап «Хабар» Агенттігінің құрамындағы «24 KZ» арнасының атын ауыстыру – «Хабар» Агенттігі» АҚ қайта жаңару аясындағы шараларының бірі. 

Арна эфирінде сапалы сараптамалық бағдарламалардың қатары ұлғайып, репортаж жанрындағы бағдарламалардың үлесі артады, сондай-ақ аймақтардың тыныс-тіршілігі туралы жобалар көбейеді. Жаңалықтардың жаршысы болып табылатын арнаның дәстүрлі айдарларының сапасы арта түспек, мәселен, экономика, спорт, халықаралық және баспасөзге шолу, арнайы авторлық репортаждар және көптеген басқа да салалар толығырақ қамтылады. 

«24 KZ» арнасы 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап эфирге шықты. Арна Қазақстандағы ақпараттық арналардың ішінде аймақтық және халықаралық тілшілер қосынының көптігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бағдарламалары 100% отандық өндірушілердің жобасы болып табылады. Олардың арасында ақпараттық-танымдық және сараптамалықтары бар. 

Телеарна аудиториясын 25 жастан асқан көрермендер құрайды. «Хабар» агенттігі «Хабар 24» арнасымен бірге Euronews Network-тің серіктесі болып табылады. Бұл жаңалықтар контентімен алмасуға және еуропалық әріптестермен шеберлік сыныбын өтуге мүмкіндік береді. 

Аймақтық тілшілер желісі: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Шымкент. Халықаралық тілшілер желісі: АҚШ, Италия, Бельгия, Германия, Түркия, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея. 

 

Байланыс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй

«Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар бөлімі: +7 (7172) 553 485 

«Хабар 24» телеарнасының бағдарламалар бөлімі: +7 (7172) 553 647 

Маркетинг және жарнама жөніндегі департамент: +7 (7172) 553 554

 

EL ARNA

EL ARNA – ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР ОТАУЫ
«EL ARNA» телеарнасының басты миссиясы – қазіргі қоғамның тілінде сөйлейтін, заманауи тақырыптар төңірегінде ой қозғайтын, жастардың сұранысына жауап беретін, сондай-ақ ойлы әрі көңілді көрермен қалыптастыратын контент ұсыну.
Күн сайын тәулігіне 24 сағат хабар тарататын арна эфирінде әртүрлі жанр мен форматтағы фильмдер, телехикаялар көрсетіледі. Олардың қатарында қысқаметражды ленталар бар. Аталмыш санаттағы туындылар арнаның шығармашылық тобы түсірген жұмыстармен толығып отыр. 

EL ARNA телеарнасы 2017 жылдың 27 наурызында іске қосылған. Республика аумағында міндетті түрде таралуы тиіс теле және радиоарналардың тізіміне кіреді.

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа көшесі, 30/1

Байланыс телефондары: + 7 7172 70 10 97, +7 7172 70 10 69