Тропосферада (шамамен 5 км биіктікте) орныққан оңтүстік-батыс ағынымен Қазақстанға Жерорта теңізінен жылу мен ылғалға бай ауа массасы келіп түсуде.
Атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар күтіледі. Тек оңтүстікте және батыста жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктер 5-7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, кезекті циклон жақын арадағы тәуліктерде республиканың солтүстік бөлігіндегі ауа райына ықпалын тигізеді.