Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық әріптестікті арттыру жөнінде Жол картасын әзірлейді

Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух кездесуінде осындай бастама көтерілді. Қос тарап өзара тауар айналымын одан әрі арттырудың маңыздылығына да тоқталды. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 80 млн долларға жеткен. Қазір Моңғолия нарығына қажетті Қазақстаннан жеткізілетін 100 әлеуетті тауардың тізімі әзірленді. Үкімет басшылары келіссөздерден кейін 7 құжатты мөрмен бекітті.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

- Моңғолиямен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға баса назар аударамыз. Біздің ортақ мақсатымыз екіжақты сауда көлемін арттырып, экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру. Осы бағытта біз сауда-экономикалық байланыстардың жаңа бағыттарын, әсіресе көлік-логистика мен ауыл шаруашылығы өнеркәсібі салаларындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайынбыз. Қазақстан мен Моңғолияның сауда-экономикалық байланыстарын жандандыру мақсатында және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайтын екіжақты Жол картасын әзірлеуді ұсынамын.