Хабар телеарнасы

«Махаббатым жүрегімде-2» телехикаясының тұсаукесер көрсетілімінен арнайы фоторепортаж

«Махаббатым жүрегімде-2» телехикаясының тұсаукесер көрсетілімінен арнайы фоторепортаж

Онда продюсер Баян Есентаева, режиссер Ернар Нұрғалиев және телехикаяның актерлері Гүлназ Жоланова, Тәуекел Мүсілім, Жанар Дұғалова көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берді. Көрерменнің көзайымына айналған бұл телехикая – «Хабар» арнасының көрермендері асыға күткен жобалардың бірі. «Махаббатым жүрегімде-2» телехикаясының бірінші бөлімі 2014 жылы шығып, сол жылдағы телемаусымның хитына айналды. 

«Махаббатым жүрегімде-2» телехикаясын 30 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасынан дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 21.30-да тамашалай аласыздар.

«Махаббатым жүрегімде» телехикаясының 1-маусымы ОСЫНДА: