Хабар телеарнасы

Саунадағы балалар лагеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қалалық прокуратура қызметін асыра пайдалану және кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау бойынша тергеуді бастады. Еске салсақ, екі күн бұрын қала оқушыларының Алматы облысы Жамбыл ауданындағы лагердегі жағдайы желіде жария болған еді. Балдырғандардың «лагерь» деп барған жері сауна болып шыққан. Алматы әкімдігі қызмет көрсетуші «БелРичи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 107,8 млн теңгеге келісім жасасқан екен.