Хабар телеарнасы

«Махаббатым жүрегімде 2»

Жуырда «Хабар» арнасы сериалдың жалғасын ұсынады.

Жоба продюсерлерінің айтуынша, екі жас арасындағы тұнық сезімге құрылған оқиға желісі тосын жайттар және күтпеген оқиғалармен өрілмек.

Телехикаяның жалғасын түсіру тізгінін бұл жолы жас режиссер Ернар Нұрғалиев қолға алыпты. Бұған дейін ол түрлі жарнамалар мен бейнеклиптерді түсірген. Сондай-ақ актерлардың біразы ауысқан. Фильмнің алғашқы маусымында басты кейіпкер Марленді ойнаған Дастен Шакировты «Орда» тобының мүшесі, актер Дастан Оразбеков алмастырды.

Басты кейіпкерлер Дастан мен Кәмшат, Аида мен Марленнің арасындағы қарым-қатынас әрі қарай қалай өрбиді? Әке мен бала арасындағы араздық қайдан туындады? Дастан тағдырдың түрлі соққысына төтеп бере ала ма?

Шиелініскен оқиғалар, достық пен сатқындық, сырлы сезім мұның барлығы «Махаббатым жүрегімде» телехикаясында.

Біздің арнадан жаңа маусымда, яғни 30 қыркүйектен бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 21.30-да өткізіп алмаңыздар!

 

«Махаббатым жүрегімде» телехикаясының 1-маусымы ОСЫНДА:

«Махаббатым жүрегімде» телехикаясының 2-маусымы ОСЫНДА: