Жоба туралы

«Менің арманым»: жұма, 18:15

Жастардың бойына сенім ұялатып, еліміздегі кіл мықтыларды сүзгіден өткізіп, оларға қолдау көрсету – игі бастама. Осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Менің арманым» атты интеллектуалдық шоуы көрерменге жол тартқан еді.
«Менің арманым» – жастар арасындағы жобаларды қамтитын ұлттық бірегей байқау. Бұл байқауда әлеуметтік маңызы зор, қоғамның, қоршаған ортаның игілігіне, дамуына бағытталған жоба авторы ақтық мәреге жетіп, ақшалай ұтыстың иегері атанады.
Әркім өз арманын әр арнаға бұрады. Алдына биік мақсат қойған әрбір үміткер әділ қазылардың көңілінен шығу үшін барын салып, бас жүлдеге таласуда.
Арманы мен мақсаты бір талапшыл жастар өз ойларының өміршеңдігін дәлелдеуге дайын!