Өзекті

Junior Eurovision 2018: Данэлия Тулешова Минск сахнасында өнер көрсетті

Junior Eurovision 2018: Данэлия Тулешова Минск сахнасында өнер көрсетті

Минск қаласында «Junior Eurovision 2018» халықаралық балалар ән байқауының финалы өтті.

Сайыста ел тарихында тұңғыш рет Қазақстанның атынан 12 жасар Данэлия Тулешова ел намысын қорғады.

Ол – Ұлттық іріктеу конкурсының жеңімпазы.

3-ші нөмірмен сахнаға көтерілген Данэлия «Өзіңе сен» әнін сәтті орындап шықты.

Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша үздік үштікке ілінген Данэлия жалпы есептік ұпаймен 6-орын алды.

Айта кетейік, «Junior Eurovision 2018» жеңімпазы – Польша елінен келген жас өнерпаз Роксана Венгель.

Естеріңізге сала кетсек, телекөрермендердің дауыс беруі қарашаның 23-і мен 25-і аралығында junioreurovision.tv сайтында өтті. Ал жеңімпаз қазылар алқасы мен көрермендер дауысының ортақ шешімі бойынша анықталды.

Анықтама: «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауы – 9 жастан бастап 14 жасқа дейінгі орындаушылар қатысатын «Eurovision» аналогы. Қазақстан байқаудың 15 жылдық тарихында алғаш рет байқауға қатысқалы отыр. Қазақстанның аумағында байқауды «Хабар» телеарнасы трансляциялайтын болады. «Хабар» Агенттігі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іс-шараны ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдасқан мүшесі болып табылады, бұл мүшелік аталған байқауға қатысу үшін елден үміткер ұсынуға мүмкіндік берді.