Нұрболат Үсенов
2017 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
2017-2018 - Алматы қаласындағы Д.Снегин атындағы 30 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2018-2019 - Алматы қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап «Хабар» телеарнасында «Бағдарламалар өндірісі» бөлімінің редакторы болып жұмыс істеп келеді.
Хабар телеарнасында «Таңғы хабар», «Баспанаға бағыт», «Бизнеске бағыт», «Біздің назарда» бағдарламаларының редакторы, «Бүгін» саяси бағдарламасының, «Не хабар» телевизиялық подкастының шеф-редакторы қызметтерін атқарды. «Ерекше бақылауда» телебағдарламасын жүргізді.