Хабар телеарнасы

14 сәуір, 17:25

14 сәуір, 17:25

Бокс жанкүйерлерінің назарына!

Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында (WSB) астаналық «Astana Arlans» пен қытайлық «China Dragons» командалары арасында кезекті кездесу Тараз қаласында өтеді.

14 сәуір күні сағат 17:25-те Тараздан тікелей көрсетілімді «Хабар» арнасынан өткізіп алмаңыздар!

Естеріңізге сала кетейік, бұл екі команданың былғары қолғап шеберлері 6 сәуір күні Қытайдың Гуйянг қаласында шаршы алаңда кездесу өткізіп, жұдырық түйістірген болатын. Нәтижесінде 5:0 есебімен қазақстандық команда жеңіске жетті.