Құрманқожанов Зәкен
Құрманқожанов Зәкен ата 1923 жылы Зайсан ауданы, Сарыжыра ауылында дүниеге келген. Соғыс ардагері, өзінің саналы ғұмырында көпті көрген ақсақал биыл 97 жасқа келді. Өмірді сүйетін ширақ ақсақал: «Құдайдың берген жасын жасап жүрмін», – дейді.
Соғыста Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясында болып, 8 өлімнен аман қалған, ал бір оқ әлі қабырғасында тұр. Танкінің ішінде жарылып кете жаздаған, «өлді» деп тірідей көміп тастамақшы да болған екен. Ленинград түбіндегі немістердің «SS» деген әскерлерімен шайқасқан кездерін қорқынышпен еске алады.
«Бірге барған жолдастарымның жан тәсілім етіп, қанның суша аққанын елестетсем, жүрегім дүр сілкінеді», – дейді ақсақал.
Авторы: Сейсенбаев Санжар