Хабар телеарнасы

Итжанов Иманғали

Итжанов Иманғали

Итжанов Иманғали – Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1918 жылы 5 мамыр Зеренді ауданы, Ортағаш ауылында туған. Майданға 1941 жылдың маусымында шақырылды. Украин майданының құрамында болған. Жеңісті Берлиннен 25 шақырым жерде қарсы алды. «Ержүректілігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жеңістің 40 жылдығы» медальдерімен, «ҰОС ІІ дәрежелі», «Еңбек ардагері», «Еңбек Қызыл ту» ордендерімен марапатталған. Бейбіт өмірде сүт-тауарлы фермада бригадир болып қызмет атқарған.

Авторы: Әубәкірова Жадыра Мыңжасарқызы