Елғондыұлы Мұртаза (1897-1979 жж.)
Менің әкем Мұртаза Елғондыұлы 1897 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Задария ауылында дүниеге келді.
Соғыс басталғанда әкем 44 жаста болатын. Ауылдағы өзге ер-азаматтармен бірге ол да майданға аттанды. Жаяу әскер қатарында Румыния, Польша, Словакия жерінде жауға қарсы айқасты.
Сондай бір шайқастардың бірінде оқ дәрі тиіп, жарақат алған. Бұл 1944 жыл болатын. Содан кейін көп ұзамай елге қайтарылған.
Елге оралған соң Түркістан ет комбинатында 40 жылға жуық еңбек етті. Анамыз Оразкүлмен 30 жыл отасып, бір ұл, екі қыз тәрбиеледі. Олардан бүгінде әулетімізде 11 немере, 19 шөбере тараған.
Әкем жастайынан өте зерек болған екен. Ауыл молдасынан ерте хат таныған. «Көроғлы», «Сауда Ишан», «Келден батыр» қисса-дастандарын жатқа білген ол ауыл қарияларына оқып берген.
Әкем әрқашан біреудің ала жібін аттамауға үйрететін. Қонақжай болуға тәрбиелейтін, жүрегі даладай кең болатын.
Мен қазақтың батырлығын сан мәрте дәлелдеген осындай әкеммен мақтанамын.
Авторы: қызы Аманкүл Мұртазаева