Қалабаев Палсейт (1921 - 2001 жж.)
Менің атам Қалабаев Палсейт 1921 жылы 1 мамырда дүниеге келген. Атам 18 жасында əскерге шақырылып, сол жақтан соғысқа аттанған.
Əскерде артиллерист училищесінде оқып, 1942 жылдың 20 тамызында ант қабылдап, 631-полкіне қабылданған. Сержант атағы берілген.
1943 жылдың желтоқсан айында сол аяғынан жарақаттанады. Атам Кенигсберг қаласын неміс фашистерінен азат еткен. Азат ету барысында батырлық танытқаны үшін сержант Қалабаев Палсейтті «Кенигсберг қаласын азат еткені үшін» медалімен марапаталады. 751-артиллерист полкінің қару-жарақ командирі болған.
Атам тыңшы қызметін атқарды. Ол неміс офицерін ұстап əкеліп сұраққа алған екен. Атам тыңшылыққа шығып, немістерді аңдып, қанша танк, қанша солдатпен келе жатқанын хабарлап тұрған.
Тыңшылық барысында фашистердің тұрып жатқан жерін анықтап, жалғыз өзі төрт немістің төртеуін де демалып жатқан кезінде дыбысын шығармай өлтірген кезі болыпты.
Атам өте қайсарлы батыр кісі еді. Туған жеріне, еліне құрметті азамат болды.
Атам 2001 жылы 30 қазан айында 80 жасында дүниеден озды. Артында 6 ұл, 6 қыз қалды. 47 немере 42 шөбересі бар.
Ата, мен сізді ұмытпаймын! Мен сізді мақтан тұтамын!
Автор: немересі Қалабаева Ұрхия Ашықбайқызы