Рақышов Омар (1909-1974 жж.)
Атам Омар Рақышов 1909 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданына қарасты Көктұма ауылында дүниеге келген.
1942-1945 жылдары 133 атты әскери полкінде қызмет етті. Соғыс жылдарында 3 рет жарақат алды. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін 4 медальмен наградталған:
- «Ерлігі үшін» медалі;
- «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін»;
- «Ұлы Жеңістің 20 жылдығы»;
- «Ұлы Жеңістің 50 жылдығы».
- Совет Одағының маршалы Сталиннің бұйрығымен 5 алғысы бар.
Отанына жеңіспен оралды. Бейбіт заманда Көктұма бекетіндегі шекара сарбаздарына атқа отыруды және шекара жолдарын көрсетіп, үйретті.
Атам 1974 жылы 65 жасында дүниеден өтті.
Бүгінде 9 ұл-қыздан тараған ұрпақтары еліміздің әр өңірінде жемісті еңбек етуде.
Мен өзімнің атамның майдангер болғанын, ұрыста ерлік көрсеткенін мақтан етемін!
Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабаларымыздың жеңісін ешкім ешқашан да ұмытпайды!
Авторы: шөбересі Әсел Нұрғалиева