Хабар телеарнасы

Смағұлов Арыстанбек

Smagulv Arystanbek

Смағұлов Арыстанбек соғысқа бұрынғы Еңбекшілдер аудан, Сәуле ауылынан 1941 жылдың маусым айында алынған. Екі жыл бойы 73-ші, содан кейін 135-ші жеке көпір жасау батальонында понтонёр-жауынгер ретінде соғысқан. Еуропаның негізгі өзен-көлдерінің бәрінен өтіп, Германияға дейін барған. Ұлы Жеңістен кейін шығыста Жапон әскерлерін талқандауға қатысқан.

Әскерден 1946 жылдың 20 наурызында босатылған. Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, Сталиннің алғыс хатымен, І Украин майданының команда генералы И.С.Коневтің мақтау грамотасымен, «1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Әскери еңбегі үшін» медальдарымен және мерейлік «КСРО Қарулы Күштерінің 60, 70 жылдығы», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20, 25, 30, 40, 50 жылдық», Г.Жуков медальдарымен, бейбіт өмірдегі «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Елге келген соң совхозда еңбек етіп, 1978 жылы зейнетке шыққан.

Авторы: Смағұл Темірбекұлы