Читеков Құмарбек
Читеков Құмарбек әкеміз ШҚО, Зайсан ауданы, Дайыр ауылында 1925 жылы қазанайының 10 жұлдызында дүниеге келген.
1943 жылы Совет армиясы катарына шақырылған, әскери атағы қатардағы жауынгер болған.1944 жылы 286-шы дивизия 96-шы полк 5-ші батальон 2 –ші ротасында Ленинград майданында стрелок автоматчик болып соғысты. Әкеміз Финляндияны жау қолынан тазарту шайқасына қатысқан. 131 – ші Қызыл тулы дивизия 593-ші полк 3-ші батальон қатарында Латвия жерін азат етуге қатысып, ерлігі еленді.1945 жылы аман-есен туған еліне оралды.
Алған марапаттары:
- «Данқ»ордені ІІІ дәрежелі;
- «Отан соғысы»ордені І дәрежелі;
- «Германияны жеңгені үшін» медалі;
- За доблестный труд 1941-1945 гг.;
- Юбилейная медаль за 50 - летие Вооруженных сил СССР;
- Юбилейная медаль за 60 - летие Вооруженных сил СССР;
- Юбилейная медаль за 70 - летие Вооруженных сил СССР;
- Медаль за 20-летие победы в Великой Отечественной войне;
- Медаль за 25-летие победы в Великой Отечественной войне;
- Медаль за 30-летие победы в Великой Отечественной войне;
- Медаль за 40-летие победы в Великой Отечественной войне;
- Медаль за 50-летие победы в Великой Отечественной войне;
- Медаль на 100-летие Маршала Жукова;
- Знак ветерана труда.
Бізді анамыз екеуі адалдыққа, еңбек пен шыдамдылыққа тәрбиеледі. Ер есімі ел есінде, біздің есімізде, ұрпаққа жеткізу – бізге аманат! Бұл тарих ұмытылмайды!
Авторы: ұлы Құмарбеков Тұрсынбек