Кудияров Орман (1919-1999 жж.)
Кудияров Орман 1919 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласында дүниеге келген. Орта білімді.
1941 жылы соғыс майданына Ташкент қаласынан аттанған. 6 қаңтар 1942 жылы ант қабылдаған. 237 атқыштар полкы 19 дивизияда бірінші ұрысқа қатысты. Жарақаттанған. Госпитальден шыққаннан кейін Липецк қаласында жасақталған 12 гвардиялық танк дивизиясының 17 гвардиялық жеке барлау батальоны «Смерш» жеке взвод құрамында барлаушы болып ауыстырылған.
01.03.1942 жылы Батыс фронты, 28.01.1943 жылы Орталық фронты, 30.01.1944 жылы I-Украин фронты, 05.03.1944 жылы II-Украин фронты, 24.07.1944 жылы I - Беларусь фронты осы жылдар аралығында Курск шайқасы, Украина, Молдавия, Белоруссия, Румыния жерлерін азат ету шайқастарына қатысқан. «Отличный разведчик» төсбелгісі, «За отвагу», медалімен, «Красная звезда» орденімен қоса бірнеше медаль алған. Сонымен қоса бас қолбасшының атынан Умань, Ваприянка, Днестр, Бельцы қалаларын азат етуге қатысып, Прут өзенінен өтіп, плацдарм алу шайқасына қатысып , мемлекеттік шекараға шыққан ерлігі үшін марапатталған. 1944 жылы Польшаның астанасы Варшаваға шабуылға қатысып азат еткен. Фашистік Германия астанасы Берлин қаласына шабуылға қатысып, қаланы алған. Осы ұлы шайқастарда медальдармен, ордендермен, мадақтаулармен марапатталған. Эльба өзені жағасында одақтастар армиясымен кездескен. 1945-1946 жылдар аралығында Германияның Галле қаласында әскери комендатурада қызмет атқарып, 1946 жылы Отаны Қазақстанға қайткан.
1948 жылы Сарыағашта Тілешбекова Әсемгүлмен отау құрып, 6 ұл, 3 қыз өсіріп, тәрбиелеген. Бүгінгі таңда ұл-кыздардан 30 немере, 34 шөберелері бар. Ата жолын үш немересі жалғастыруда. Олар – Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің офицерлері.
Атам 1999 жылы 21 мамырда 80 жасында Сарыағаш қаласында дүниеден озды.
Сарыағаш ауданындағы атамызбен қызметтес болған, араласқан азаматтар осы күнге дейін атамды үлгі тұтып, жақсы қасиеттерін еске алып отырады.
Авторы: немересі Орманова Әйгерім Бауыржанқызы