Хабар телеарнасы

Тлепов Кемелхан (1922-1988 жж.)

Тлепов Кемелхан (1922-1988 жж.)

Менің атам Тлепов Кемелхан 1922 жылы Гурьев облысы, Маңғыстау ауданында туылған.

Атам Қызыл әскер қатарына 1940 жылы шақырылып, қатардағы жауынгер болған. Ұлы Отан соғысы басталғанда қай фронтта болғанын білмеймін. Бірақ соғыстың басынан майдан даласында жүріп, Жеңіс күнін Кенингсбергте қарсы алған екен.

Атам Совет Одағының Жоғары Президуымының 1944 жылғы 1 мамырындағы Жарлығымен «Кавказдың қорғаны үшін» медалімен марапатталған. Мен атамды көрген жоқпын, сондықтан көп дерек білмеймін. Бірақ атамның Ұлы Жеңіс күнін жақындатқан азаматтардың бірі болғанына еш күмәнім жоқ.

Ол кісі 1946 жылы аман-есен елге оралған. Содан жол салушы мастер болып еңбек етті. 1988 жылы жүрек талмасынан қайтыс болған.

Атама мың алғыс!

Авторы: Тлепов Жалғас Тоқсанбайұлы