Хабар телеарнасы

Байқоңыров Әлихан (1923-2000 жж.)

Байқоңыров Әлихан (1923-2000 жж.)

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың зардабын жөргегінде жатып тартқандардың бірі Әлихан Байқоңыроведі.

Әлихан Байқоңыров1923 жылы  алғашқы қар жауғандадүниеге келген.

Соғысқа дейінгі жылдарда Әлихан Байқоңыров Ұлытауда (Қарсақпайда) 4 кластық гимназияның орыс класын бітірген. Сонымен бірге арабша сауат ашып, латын, кириллица жазуларын білген.

19 жасында 1942 жылы 18 шілде күні майданға аттанды.

Свердловск қаласында кіші командирлер даярлау мектебінде екі ай дайындықтан өтті.

1942 жылы 9 қыркүйекте сержант Ә.Байқоңыров Москва қаласы арқылы Калуга майданына аттанды. Брянск-Смоленск бағытында 1943 жылдың 28 ақпанына дейін майдан шебінде шайқасты.

Брянск-Смоленск бағытында шайқас Кеңес азаматтарының есінде қалды. Бұл шайқаста Кеңес әскерлері әскери техника мен адам саны бойынша өте көп шығынға ұшырады.

Сол шайқаста контузия алып, және  аяғына снаряд жарықшасы тиіп, 3 рет ота жасалғанымен жарықшақты алу мүмкін болмаған.

Содан 1943 жылдың тамыз айында  майданға жарамсыз болып елге қайтарылған.

Туғанелге оралған соң ауылдық кеңесте, кейін аудандық атқару комитетінің бөлімдерінде қызметте болып, зейнетке шықты.

Аяқта қалған оқтың жарықшағы біраз жылдан кейін сыр берді. 1988 жылы ота жасалып, аяғынан айырылған ардагер.

Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Әлихан Байқоңыровта өзіне лайықты үлесін қосты.

Қатаңдықты да, жұмсақтықты да қабағымен танытын Әлихан Байқоңыровсөздері мен жарқын бейнесі жүректе мәңгі қалады.

Әлихан Байқоңыров пен жұбайы Сақыпжамал Әбілдинова8 баланы тәрбиелеп, өсірген үлгілі отбасы. Сақыпжамал Әбілдиновабатыр ана, құміс алқа иегері.Балалары Жақсылыққа, Жаксыкунге, Жақанға, Бәдіржамалға, Бақтиярға, Бақытка, Бағдатқа, Шамшиденге қалдырған ең үлкен мұрасы – аке-анасынын жақсы тәрбиесі. 

Ақсақалдың ұрпақтарынан тараған  20 немере, 23 шөбере - бүгінде бір қауым ел.

2000 жылы 19 желтоқсан күні дүниеден өтті.