Хабар телеарнасы

Шамиль Тагиев

Шамиль Тагиев

Ұлы Отан соғысының ардагері Шамиль Тагиев 1943 жылдың соңында 17 жасында майданға шақырылған. Курс маңында 6 ай соғысқа дайындалып, кейін Днепр маңына майданға аттанды. Ол жерде 25-ші гвардиялық атқыштар дивизиясында миномет бөлімінде дәлдеуші болған. 1944 жылдың соңында жарақат алып, Киев қаласында госпитальге түскен. 3 ай емделіп, тағы да майданға аттанған. Бұл жолы Венгрия және Румыния жерлерін азат ету шайқасына қатысты. Осы шайқаста қолынан жарақат алып, Тбилиси қаласына госпитальге түсті. Ал 1945 жылдың соңында ауылға оралды. І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 20 жылдық», «Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 30 жылдық»; «Ұлы Отан соғысы жеңісінін 40 жылдық», «Ұлы Отан соғысы женісінің 50 жылдық», сондай-ақ «КСРО Қарулы күштерінің 60 жылдығы» және «Ерен еңбегі үшін» медальдерімен марапатталған. Созақ ауданының Құрметті азаматы.

Авторы: Немересі Генерал Батырбеков