Хабар телеарнасы

Шакиров Нұрахмет (1921-1998 жж.)

Шакиров Нұрахмет (1921-1998 жж.)

Шакиров Нұрахмет 1921 жылы 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге келген.

1938 жылдың 28 ақпанында Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағының мүшелерінің қатарына қосылды. 1938 жылға дейін Майемер орта мектебінде, 1941 жылы Жұлдыз орта мектебін үздік бітірген.

Мектеп бітірісімен 1941 жылдың 19 маусымында Қызыл армия қатарында әскери борышын атқаруға кірісті.

1941 жылдың қыркүйегінен Қызыл армияның Фрунзе жаяу әскер училищесінің курсанты болған.

Училище бітірісімен 263-ші танк полкіне, содан кейін төртінші гвардиялық атқыштар бригадасының автоматшылар бөлімшесінің командирі болып, кейін бірінші танктік ротаның оқтаушысы болды.

Калинин майданында соғысқан, жараланған соң Солтүстік-Кавказ майданына жіберілді. 1944 жылдың 29 шілдесінен 1946 жылдың 5 наурызына дейін әскери қызметін 1921 жылғы Кеңес-Иран шарты негізінде Иранда атқарған.

КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасы Жарлығымен 1946 жылдың 20 наурызында демобилизацияға ұшырады.

Отанына оралғаннан кейін 1946 жылдың 24 шілдесінен бастап Үштөбе мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасты.

1949 жылы Семей қазақ педагогика училищесінің экстерн курстарын үздік тәмамдап, бастауыш мектеп мұғалімі біліктілігіне ие болды.

1954-1981 жылдар аралығында Балғын сегіз жылдық мектебінің директоры қызметін атқарды қарды.

Ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысқан, Қоғамдық тексеру комиссиясының төрағасы болған, бірнеше рет аудандық мәслихат депутаты болып сайланды.

1998 жылдың 31 наурызында қайтыс болды.

Авторы: Шакирова Күлбан Нұрахметқызы