Шойбеков Анарбек (1922-1968 жж.)
Шойбеков Анарбек 1922 жылы 3 наурыз Красногорск ауданы, Ұмтыл ауылында туған. 1941 жылы шілде айында Кеңес әскері қатарына шақырылып, 105-ші Кавалериялық дивизиясы полкінде гвардия сержанты, байланыс бөлімінің командирі болады. 489-противотанковый полкте аға телеграфист, артиллериялық полкте аға радист, 43-ауыр минаметная техника полкінде бөлім командирі болған.
1945 жылы наурыз айында кеуде тұсынан жарақат болады. Қан майданның алғашқы күнінен бастап соғыста жүрген әкеміз Польша, Чехословакия, Будапештті неміс басқыншыларынан азат етіп, жеңісті Берлинде қарсы алады.
Наградалары:
- 1944 жылы «Қызыл жұлдыз» ордені;
- 1943 жылы «Ерлігі үшін» медалі;
- «Германияны жеңгені үшін» және т.б жоғары дәрежелі медальдар мен мерейтойлық марапаттарға ие болған.
1946 жылы желтоқсан айында елге оралды. Қордай ауданында рабкопта есепші, қаржы бөлімінде қаржыгер, «Кр-октябрь» колхозында есепші, қойма меңгерушісі болып қызмет атқарған. Соғыс зардабы ұзаққа жібермеді. 1968 жылы 12 қыркүйекте қайтыс болды.