Хабар телеарнасы

Айғазин Торғай (1915-1943 жж.)

Айғазин Торғай (1915-1943 жж.)

Менің атам Айғазин Торғай 1915 жылы Ақмола облысы, Рузаевка ауданы, Рузаевка ауылында дүниеге келген.

1942 жылы 27 жасында әскер қатарына шақыртылып, соғысқа аттанады.

Торғай ата 100-ші Қазақ атқыштар бригадасына кірген.

100-ші атқыштар бригадасы 1941 жылы Желтоқсан айында, Алматы қаласында құрылған.

Калинин майданының 3-ші соққы армиясының құрамына кірді.

Жауынгерлік іс-қимылдарға 1942 жылдың қыркүйек айынан 1943 жылдың қазан айына дейін қатысты.

1942 жылдың 20-23 желтоқсан аралығында бригада «Великие Луки» ауданына өтіп, 3 соққы армиясының бағынысына түсті.

1943 жылғы қаңтардың 5-і мен 12-і аралығында бригада қарсыластың Великолужиялық тобын жою бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізді, ұрыста үлкен шығынға ұшырады.

Дәл осы кезеңде біздің ата помкомвзвод, аға сержант Айғазин Торғай 1943 жылы 8 қаңтарда Горбушин ауылында ұрыста қаза тапты.

Менің ағам Айгазин Сейль Торғай атамыздың жерлеу орнына барып, отанынан әкелінген тастарды Обелисктің жанына қойып, жанымыз тынышталды.