Хабар телеарнасы

Ибрагимов Әбдірахман

Ибрагимов Әбдірахман

Сол біл сұрапыл күндерде майданда ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында елге сыйлы қариялардың бірі болған, кеудесі алтын сандық Әбдірахман Ибрагимовбіздің атамыз еді. ҰОС-тың басталуы әрбір ер-азамат сияқты менің Әбдірахман атама да ауыр сын болды. Ол бұл сыннан сүрінбей өтті. Төрт жарым жыл ішінде әскери полктан 12 рет алғыс пен бірнеше орден, медаль алған. Ол кісі жауынгерлік дайындық Алматы қаласындағы 147 атты әскер полкінде шыңдады. 1942 жылдың қараша айында осы полк арқылы Калинин бағытындағы майданға қатысып, Ржев және т.б қалаларды азат етті.

1943 жылы қаңтар айында Брянск бағытындағы соғысқа араласты. Бұдан кейін Курск, Орлов маңын неміс фашистерінен тазартысты. Осы ұрыстарда оң қолынан ауыр жарақаттанып, Куйбышеаюв қаласындағы госпитальда емделді. Атамыз майданда бесаспап жауынгер атанды. Миномет пен автоматтан оқ атуды шебер меңгерді. Талай фашистің көзін жойды. Бұл ерліктері үшін ІІІ дәрежелі «Кутузов», «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «Ленинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», 1941-1945 жж. ҰОС-та «Германияны жеңгені үшін» т.б. көптеген медальмен наградталды.