Хабар телеарнасы

Дүкенбаев Садуакас

Дүкенбаев Садуакас

Өз қолжазбасынан.

Менің таза майданның алғы шебінде болған күндер мен түндерім.

1) Брянск майданында 5 апрель 1942 жылдан 11 январь 1943 жылға дейін болдым. Брянск майданында таза 282 күн және 282 түн болдым. (Бұл кезде жауынгермін).

2) Бірінші Белорусск майданында 1 ноябрь 1943 жылдан бастап 23 февраль 1944 жылға дейін болдым. Бірінші Белорусск майданында 52 күн және 52 түн майданның ең алғы шебінде болдым.

3) Екінші Белорусск майданында бірінші 18 августтен 1944 жылдан 23 августіне дейін болдым. Екінші Белорусск майданының ең алдыңғы шебінде 5 күн және 5 түн болдым.

Барлығы майданның ең алдыңғы шебінде 349 күн, 349 түн болдым.

Орловской атқыштар дивизиясының, 457-атқыштар полкінің взвод командирі – Дукенбаев Садуакас

Атам Дүкенбаев Садуакас 1942 жылдың  сәуір айынан бастап Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Коминтерн совхозынан майданға аттанған. Атқыштар полкінің взвод командирі болып Белорусск майданында ең алдыңғы шепте болып, ерлік көрсеткен.

Ерен еңбегі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

Елге оралған соң мұғалім болып 30 жыл қызмет еткен. «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі» марапатын алған.

Артындағы ұрпақтары ерлігін ұмытпайды. Мақтан етеді!

Авторы: немересі Дүкенбаева Бағдат Саматқызы