Хабар телеарнасы

Ерімбетов Мырзаш Тұрсынбайұлы (1911-1985 жж.)

Ерімбетов Мырзаш Тұрсынбайұлы (1911-1985 жж.)

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Жақыпбек Маханбетов ауылында туған.

Менің атам Ерімбетов Мырзаш Тұрсынбайұлы 1942 жылдың 1 қаңтарында Сырдария аудандық әскери комиссариатқа тіркеліп, 18 ақпанында Қазалы қаласында жинақталған әскери комиссариат арқылы соғысқа аттанған. Ақтөбеде жасақталған 101-ші Қазақ ұлттық дербес атқыштар бригадасы құрамында Калинин майданында ашық ұрысқа қатысады. Калинин майданының 39-шы армиясының 101-ші атқыштар бригадасы 26.11.42 ж. мен 29.12.42 ж. аралығында Ржев түбінде стратегиялық маңызы бар әскери ұрыс қимылдарына қатысып, жаумен бетпе-бет шайқасқа түскен.

Шайқас майданында жаралыларды жинап жүрген санитарлық бөлім қансырап ес-түссіз жатқан сарбаздарды көліктеріне салып алған, алайда Ерімбетов Мырзашты қайтыс болғандар тізіміне қосқан да, отбасымызға «қара қағаз» жіберген. Уақыт өте Ташкент әскери госпиталінен елге хабар береді. Атамыз бір қолына оқ тиіп, мүгедек жағдайда елге оралған.

Ата – асқар тау, отбасының ұйытқысы. Мұны соғыстан кейінгі өмірге келген ұрпақ білуі тиіс. Ол ауыл ақсақалы болды. Ауыл-аймаққа қатысты шешімі табылуы тиіс қажет мәселеге, орақ ауызды шешен тілімен мәмілегерлік жасады. Ауыл ішінде «Мырзекең айтып еді» деген сөздерді зиялы қауым аузынан жиі естіп жатамыз. Атамыз 74 жасына дейін ортамызда болды. Міне майдангер атамыздың өмір тарихы осылай болған.

Авторы: немересі Мырзашова Айсулу Баяхметқызы