Хабар телеарнасы

Ділдәбеков Сапан (1923-1995 жж.)

Ділдәбеков Сапан (1923-1995 жж.)

Ділдәбеков Сапан 1923 жылы туған. 1941 жылы күзде өз еркімен әскери комиссариатқа келіп, әскерге аттанады. Алғашқы әкери қызметін Свердлов облысы, Орал әскери округінің 140 дивизиясында 615-атқыштар полкі, 1-батальон, 1-ротада бастаған. Батыс майданында болды. 1942 жылдың қараша айында оң аяғынан қатты жарақат алып госпитальде емделеді. Жазылған соң Қазан қаласындағы армиялық КГБ қызметіне қабылданған. Соғыс біткен соң 1945 жылдың күзінде Мәскеудің рұқсатымен Қостанайдағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне қызметке ауысады. 1946 жылдың күзінде Ұзынкөл аудандық МҚК бөліміне қызметке ауыстырылады. 1949 жылдың сәуірінде Алматыдағы МҚК мектебіне оқуға жіберіледі.

1950 жылдың жазында Обаған аудандық МҚК-нің бастығының орынбасарлығына тағайындалып, 1952 жылы Затобол ауданына ауыстырылады.

1954 жылдан бастап Қостанай қаласындағы ІІМ облыстық басқармасында қызмет атқарады. Осы жүйеде үздіксіз қызмет атқарып, 1970 жылы еңбек демалысына полковник шенінде шығады. 2 орден, 15 медаль, Қазақ ССР Жоғарғы советінің мақтау қағазы және 50-ден астам облыстық, аудандық мақтау қағаздарының иесі. Зейнеткерлікке шыққан соң аудандық ДОСАФ та біраз жыл басшылық қызмет атқарды. 1995жылы 73 жасында қайтыс болды.

Авторы: Ізтілеуова Күлдір Байдрахмақызы