Хабар телеарнасы

Ақынов Тілеу (1919 жылы туған)

Akynov Tileu

Ақынов Тілеу 1919 жылы Қызылқұм ауданы, Қызылқұм елді мекенінде дүниеге келген. 1941 жылы​ Ұлы Отан соғысына шақырылып, неміс-фашист басқыншыларына қарсы ерлікпен соғысып, көптеген орден-медальмен​ марапатталған.

1943 жылы ауыр жарақат алуына байланысты елге оралып, 1944 жылдан бастап Қызылқұм кеңшарында ферма меңгерушісі, аудандық мал дайындау мекемесінің, ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі аудандық политотделдің бастығының комсомол жөніндегі орынбасары, Сталин колхозының төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған. Шардара кеңшары құралғаннан бастап, өмірінің соңына дейін осы кеңшардың ферма меңгерушісі қызметін атқарды.
Аталарымызға мың алғыс! Тағзым етеміз!!
Авторы: Мадина Ахметова