Хабар телеарнасы

Ибраев Хамза (1923-2000 жж.)

Әкем бір үйден ағайынды-қарындасты үшеу еді. Туған ағасы Хамза атам да Ұлы Отан соғысының ардагері еді. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, үш рет жараланып, Харьков қаласынан елге қайтады. Елге оралған соң, ауылдық кеңестің хатшысы болып қызмет атқарып жүрген жерінен шоферлік курсты өзі сұранып оқып, 44 жыл бойы ауыл шаруашылығында жұмыс істеді. Хамза атам 2000 жылы қайтыс болды.

Ол кісі көп сөйлемейтін, шаруасына мығым адам еді. Соғыстағы естеліктері туралы да сирек айтатын. Бір үйден майданға аттанған екі азаматтың да елге аман оралуы ол жылдары сирек кездесетін. Осының мәнісін сұрағанымызда Хамза атам майданға түскенде командирі атамның жағдайын сұрап біліп: «Бір үйден екі ұлдың соғысқа қатысқаны обал екен, тұқымдарың құрып кетеді ғой», – деп жаны ашып, өзінің жанына писарь қылып алғанын айтқан еді. Хамза атамның жазуы әдемі, сауатты болатын. Атамды сөйтіп командирі аман алып қалған екен.

Наградалары:

Хамза Ибраев – орден «Отечественной войны ІІ степени», медаль «За победу над Германией в Великой отечественной войне 1941-1945 гг.», «медаль Маршала Советского Союза Жукова Г.К.», юбилейная медаль «50 лет Вооруженных сил СССР», юбилейные медали 20 лет, 40 лет, 50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» және т.б. құрмет грамоталары.

Авторы: қарындасы Ибраева Тоғжан Ғаббасқызы