Хабар телеарнасы

«Назар» тобы Ұлттық мұражайға шақырады

Елорданың көрікті жерлерін аралауды дәстүрге айналдырған өнер жұлдыздарының қатарында «Назар» тобы да бар. Жылдағы әдеттен жаңылмаған әнші қыздар биыл Ұлттық академиялық мұражайға ат басын бұруды жөн көрді. Ғимараттың сыртқы құрылысы мен тарихи құнды жәдігерлерінің ерекшелігіне тәнті болған олар тыңдармандарына да музейді тамашалауға кеңес береді. «Назар» тобы Ұлттық мұражайға саяхат жасап, туған өлке тарихын тереңінен тануға шақырады!