Еліміздің кейбір аймақтарында көктайғақ болады
Республиканың батыс аймақтарына фронталды бөліктер жылжиды, кей жерлерінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 24-29 м/с сақталады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады, Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерінде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.