Хабар телеарнасы

СҚО-ны қалың қар басып қалды

Ал Солтүстік Қазақстан облысында өткен түнде қардың он күндік мөлшері жауды. Соның салдарынан халық таңертең жұмысқа кешікті. Өңірдің коммуналдық қызметі жолдарды ақ ұлпадан тазалап үлгере алмай жатыр.

Қазір бұл жұмыстарға 200 техника және 300 тарта адам жұмылдырылып, күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар орталық көшелерді ретке келтіріп жатыр. Жалпы қысқы уақытта қала жолдарын қардан тазалап, күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Айта кету қажет, 2 күннен соң өңірде аязды күндер басталады деп болжануда. 

Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Қала бізде 9 маршрутқа бөлінген. Соған сәйкес жұмыстардың барлығы атқарылады. Бірінші кезекте бізде қала бойынша орталық көшелер, әлеуметтік нысандардың маңындағы қарлар шығарылады. Одан кейін кезек бойынша басқа көшелерден де шығарылатын болады.