Хабар телеарнасы

Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын болады

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел күндіз 15-20, екпіні 25 м/с, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.   

Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.  

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.  

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз көктайғақ болып, жел 15-20 м/с  күшейеді.   

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  тұман, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Алматы  облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.