Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінің ауа райын оңтүстік циклон анықтайтын болады. Республиканың көптеген облыстарында қар жауып, боран соғып, ауа температурасы көтеріліп, оңтүстікте көктайғақ күтіледі. Алайда 28 желтоқсанда циклонның ту сыртынан Қазақстан бойынша антициклон тарай бастайды. Антициклонның ықпалынан 29 желтоқсанда шығыс және солтүстік облыстарда басымырақ, қысқа мерзімді суық болжанады.