18:00Эфирде: Мегахит «Всегда верен»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 94
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

  • Категория: Ауа райы
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Фото: Фото: Дняпровец

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың  оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын болып, көбінесе қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жаяу бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі.  

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.  

Маңғыстау облысында, Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Сондай-ақ...