Биылғы жыл әлем тарихындағы ең жылы жыл болуы мүмкін
Биылғы жыл жүйелі түрде метереологиялық зерттеулер басталған 1878 жылдан бері әлем тарихындағы ең жылы жыл болуы мүмкін. Еуроодақтың климат қызметінің мәліметінше, қазір жаһандағы орта температура бұрынғы максимумнан жарты градус жоғары. Ғалымдардың мәлімдеуінше, ғаламдық жылынуға Эль-Ниньо табиғи құбылысы қосарласып, бұл бұрын-соңды болмаған аптапқа әкелді. Ал өткен ай ең жылы қыркүйек болған.