Хабар телеарнасы

Елімізде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Елімізде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Ақмола,  Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында  жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді, Ақмола,  Павлодар облыстарының кей жерлерінде  тұман бақыланады. Қостанай облысында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. 

Қарағанды облысында жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, таңертең және күндіз Жамбыл,  түнде Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Алматы облысының кей жерлерінде жел 18-23 м/с шаңды дауылмен күшейеді, күндіз найзағай күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман бақыланады.