Суықтың беті қайтып, оңтүстікте бірқатар бағыт бойынша жолдар ашылды
Суықтың беті қайтып, оңтүстікте бірқатар бағыт бойынша жолдар ашылды. Мәселен, Жамбыл облысының аумағындағы Батыс Еуропа—Батыс Қытай автожолының 159-дан 238 шақырымына дейінгі бөлігі ғана жабық. Қалған барлық бағыттар бойынша көлік жүргізушілері жүре алады. Ал елордада ертең түнде қатты қар жауады деп синоптиктер болжап отыр. Қазгидрометтің мәлімдеуінше, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 20 метр/секунд болмақ. Алматы облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі басым. Облыстық Төтенше жағдайлар қызметі туристер мен демалушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.