Еліміздің бірқатар аймағында қар көшкіні қаупі сақталады
- Категория: Ауа райы

Фото: 3bmeteo.com
Қар жамылғысының биік болуы мен күн райының жылынуына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 26-28 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
Қар көшкінінің алдын алу үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.
Сондай-ақ 25-26 сәуір аралығында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында өзен-көлдердегі су деңгейінің көтерілуінен су тасқыны болуы мүмкін.