Еліміздің басым бөлігінде күн ысиды
Шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде ауа температурасы 1...3º дейін төмендеп, аяз болады.
Еуропалық Ресейдің оңтүстік аумағынан жылжыған циклондар Қазақстанға ауысады. Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай жарқырап, бұршақ жауады. Қатты екпінді жел алдымен республикамыздың батысында, содан кейін солтүстігі мен орталығында, оңтүстігінде болады деп болжануда.
Оңтүстік-батыста ауа температурасы жоғарылап, осы кезеңнің нормасына жуық және жоғары болады деп күтіліп отыр.