Еліміздің батысында жел күшейеді
БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау аға лейтенанты Роллан Нұржановтың айтуынша, Орал қаласында да желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетпек.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу, өмірлік маңызы зор нысандардың, электр және байланыс желілерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар алынуда.