Елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады
Республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің екпіні – 15-20 м/с, тіпті 25 м/с-ге дейін дейін жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында да жаңбыр жаууы ықтимал. Еліміздің шыңысында да жаңбыр күтіледі. Оралда да жауын жауып, батыс өңірдің басқа облыстарында күн бұлтты болады. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.
Ақпарат көзі: «Қазгидромет»