Еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады
Ал қалған өңірлерде жоғары қысымның әсерінен күн ыстық болады. «Қазгидрометтің» мәліметінше, Астанада шілденің алғашқы үш күні өткінші жауын-шашынмен басталады. Ал Алматы қаласында, керісінше, күн ашық.
Лаура Сайлыбаева, инженер-синоптик:
– Астана қаласында бірінші шілдеде өткінші жауын жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күші 9-14 м/с-ке дейін жетеді. Ауаның температурасы түнгі сағаттарда 15-17, күндіз 24-26 градус жылы болады. Екінші шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Ауаның температурасы түнгі сағаттарда 13-15, күндіз 29-31 градус жылы болады. Ал үшінші шілдеде күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Ауаның температурасы түнгі сағаттарда 15-17, күндіз 30-32 градус жылы болады.