Республиканың басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады
Тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр найзағаймен болады. Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман, оңтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста қатты жел болады.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында күндіз Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшейуі 15-20 м/с күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысында, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады.