Еліміздің басым бөлігінде күн суытады
- Категория: Ауа райы

Фото: pinterest.com
Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градус аяз үсік жүру қаупі күтіледі.
Оңтүстікте, батыста жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың кей жерлерінде тұман болып, жел күшейеді.
Павлодар облысында жел 15-20 м/с күшейіп, жекелеген ауданындарында тұман күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарында жел 15-23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 18 м/с күшейеді.
Ақпарат көзі: kazhydromet.kz