Астаналықтар үшін нағыз қыс енді басталды
- Категория: Ауа райы

Фото: Фото: Варламов
Елордада сағат таңғы тоғыздан бері қар борап тұр. Ауа райының мұндай болатындығын мамандар алдын ала ескерткен болатын.
Бұл атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты болуда. Хабарламада айтылғанындай, желдің екпіні де әдеттегіден күшті. Секундына 15-20 метр. Температура минус 2-4 аралығында.
Болжам бойынша, Ақмола мен Павлодар облысында да бұрқасын болады. Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыстан басқа өңірлерінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.